КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Бүгін Қазақстанның Халық әртісі, профессор, Атырау қаласының, Құрманғазы, Исатай аудандарының Құрметті азаматы, дәулескер күйші Әзидолла Есқалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Күй дүлдүлі» атты ақпаратты сазды кеш ұйымдастырылды.

Бүкіл саналы ғұмырын туған халқының өнерін насихаттауға арнаған, сонымен қатар шетел композиторларының шығармаларын қос ішек құдіретімен алғаш сахнаға алып шыққан, көптеген шәкірт тәрбиелеп, өнер өлкесіне жолдама берген ұлағатты ұстаз Әзидолла Есқалиевтың қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан теңіз.

Шараға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйшінің қызы Алма Әзидоллақызы арнайы қатысып әкесінің ғибратты ғұмырынан естеліктер айтып, оқырмандар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, «Талант» сыйлығының иегері, Әзидолла Есқалиев атындағы Халықаралық 6-шы «Алтын домбыра» күй байқауының бас жүлдегері Темір Ақбөкен күйшінің «Жастар», «Фестиваль маршы» атты шығармаларын орындап, кеш шырайын аша түсті.

Сонымен қатар арнайы кітап көрмесі таныстырылып, бейнематериал көрсетілді.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/383139840972840/

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер