09.10.25






Бүгін кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Құйылып түскен құйма алтын» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, №37 Салық Зиманов атындағы орта мектеп және №40 Зейнолла Қабдолов атындағы орта мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ арнайы кітап көрмесі таныстырылды. Республикалық конкурстардың лауреаты Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония әншісі Әмірғали Қадірбек әсерлі әнімен кеш шырайын аша түсті.


































