Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш – қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсіздік жылдары елімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді. Еліміз жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар жыл сайын бой түзеп келеді. Бұл үйлерде, білім нысандарында, пайдалануға берілген барлық нысандарда – құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан құрылысшы еңбегі қашан да құрметке лайық!
Құрылысшылар күніне орай «Құрыш білек майталмандар» атты бейнежазбаны назарларыңызға ұсынамыз.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1014350740271088/