Дәулескер күйшілердің туындыларын нақышына келтіре орындап, Динаның рөлін сомдаған, жыр дүлдүлі Жұмекеннің туған топырағы Қошалақта дүниеге келген атақты күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Халық әртісі Бақыт Қарабалинаның туғанына 85 жыл толуына орай «Күй анасының ізбасары» атты ақпараттық сазды сағат өтті.
Орындаушылық қырларымен өзіндік жеке күйшілік мектебін қалыптастырған қазақтың дарынды перзенті ел мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оқырмандар дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде ұлттық өнерімізді дәріптеген бірегей күйшінің өмір жолы мен өнері туралы ақпараттармен танысты. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты.