





Бүгін кітапханашы мамандар үшін айтулы күн.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілгені белгілі.
Бірқатар сала мамандары “Мәртебелі маман” атты мерекелік іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен және «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, Атырау облысының әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен”, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Алғыс хатымен», сондай-ақ «Салалық Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен «Құрмет грамотасымен” марапатталды.
Бұл – олардың адал еңбегіне, ізденіс пен руханиятқа сіңірген зор үлесіне деген лайықты құрмет!
Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!


































