Халықаралық медбикелер күнін атап өту шарасы алғаш рет 1953 жылы басталған. Бірақ, 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болды. Бұл күні әлемнің 141 мемлекетінің медбикелері бас қосып, Халықаралық медбикелер кеңесінің негізін қалаған болатын. Міне, содан бері бұл күні дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Өмірге сән беріп, тіршілікке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі қашанда сый-құрметке лайық.
Осы күнге орай «Медбике адам жанының арашашысы» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Оқырмандарға медбикелер күнінің шығу тарихы туралы мағлұмат беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.