Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап қолға алынып келеді. Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану мәселесі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте көлемді таралып отыр. Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Елімізде нашақорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуде. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Шарамызға IТ мектеп – лицейінің 11 сынып оқушылары мен Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің ұстазы мен 9 сынып оқушылары қатысты.