12.11.2024
Кітапханада, суырып салма ақын Насихат Сүгірұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Зұлмат жылдар құрбаны – Насихат Сүгірұлы» атты кітап көрмесі жасақталды.
Насихат ақын шабыты мен тіл өнерінің қуат құдіреті хақында «тілдің майын тамызып», көп сусынын қандырар жыр дүлдүлі атанды. Ақынның «Айдады патша жыраққа» деген жырындағы туған жерге деген сағынышы «Еділ-Жайық – екі су» дастанында дами түседі. Ақын дәуірге, халқына қызмет етуді мақсат еткен. Бірақ дарынсыздар дүлдүл ақынды аяқтан шалып, қиянат жасады. Бірақ оның үміт пен кекке суарылған өр рухты ақ берен жырларын жоғалта алмады.
Оқырмандар кітап көрмесіндегі Насихат Сүгірұлының еңбектерімен танысып, өлеңдерін оқыды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1409891567063960/