Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Лудоманияның алдын – алу мақсатында «Ойынға ойсыз құмар» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Кітапхана басшысы С.Измұханбетова шараны ашып, лудомания немесе ойынқұмарлық – әлемде жедел қарқынмен жайылып бара жатқан алапат эпидемия, жас талғамайтын психикалық індет. Осыған орай жастар арасында лудоманияның алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуі керектігін атап өтіп, болашақ - жастардың қолында екендігін тілге тиек етті.
Шараға Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Наушабаева Шамшия Хамиденовна және Еркінқала орта мектебінің психолог маманы Қонақбаева Гүлдана Елеубаевна сонымен қатар Атырау көлік және коммуникация колледжі мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.
Мамандар лудомания жайлы ақпарат беріп, виртуалды тәуелділіктің зардабы және емделу жолдары жайлы кеңінен мағлұмат берді. Шара соңында студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.