28.01.2025
Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау мақсатында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын насихаттау мақсатында «Оқырман ой қозғайды» атты ойталқы ұйымдастырылды.
Ойталқыға Қ.Қайсенов атындағы №33 жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен мұғалімі Косчугулова Қазима Қадірқызы қатынасты.
Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша ақпараттан соң, ақынның өлеңдері «Төбе керек шығу үшін тауды асып», «Туған жер», «Егіз шумақтар», «Ей, жас өмір», «Светофор» т.б. мәнерлеп оқылды.
«Жұмекеннің жүрегі» атты естелік кітаптан ақынның атасы Нәжімеден ақсақалдың немересіне деген ерекше пейілі мен қамқорлығы жайында Қазима Қадірқызы әңгімелеп берді.
Кітапхананың жас маманы Нұрмұханова Ақмарал кітап көрмесімен таныстырып, ақынның қазақ халқының ұлттық рухын, туған жерге деген сүйіспеншілігін паш ететін «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихына тоқталып, терең ой мен ұлттық сезімге толы гимнді бірге шырқаумен шара өз мәресіне жетті.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/960482322283659/