КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

06.02.2025

 

          Ғ.Сланов облыстық ғылыми әмбебап кітапханада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Оңайбай Көшековтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өмірінен өнегелі із қалған» атты еске алу кеші ұйымдастырылды.

Атырау облысының Құрметті азаматы Оңайбай Көшеков туған өлкесінің өсіп, өркендеуіне, оның экономикасы мен әлеуметтік салаларының, мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан.

Шарада адам құқықтары жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі, зейнеткер Сүлейменов Ғибрат Еркінұлы, Мемлекеттік қызметтің ардагері, Атырау қаласының Құрметті азаматы Амантурлина Тамара Өтегенқызы және Көшекова Алма Оңайбайқызы мемлекет қайраткері туралы естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар шараға О.Көшековтың ұрпақтары, туыстары, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау мемлекеттік гуманитарлық колледжі, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Д.Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрінің әншісі Амантаев Берік пен Ерімова Аружан халық әндерін әуелете шырқап көрермен ықыласына бөленді.

Шара соңында «Өмірінен өнегелі із қалған» атты кітап көрмесі таныстырылып, қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы фильм көрсетілді.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1094143689062736 

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер