13.03.25 сағат 11.00
Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ұлттық опера өнерінің көшбасшысы белгілі киноактер, Қазақстанның халық артисі Қанабек Байсейітовтің туғананы 110 жыл толуына орай «Өнер қонған дарын иесі» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері қатынасты. Шарада әнші қазақтың опера өнерінің іргетасын қалап, әлемдік дәрежеге көтерген майталман Қанабек Байсейітовтің өмірбаяны мен еңбектері туралы ақпарат берілді. Қанабек Байсейітов бойындағы табиғи талантын халқына арнады. Ол ұлттық сахна өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты. Әншілік өнерді жастайынан бойына сіңірген ел аузында жүрген халық әндерінің нотаға түсуіне, опералық жанрдың сазды әуеніне айналуына көп еңбек етті. Бірегей дарын иесі, ұлттық өнеріміздің көрнекті қайраткері, қазақ сахнасының тарланы туралы жазылған әдебиеттер оқырмандарға таныстырылды.
Қатысқан оқырман саны – 25