Қалижан Бекхожин – ерен шабытты, дарыны мол, қаламының өзінше өрнегі бар, шығармаларында лирикалық саздар, романтикалық серпіндер, философиялық толғаныстар басым. Сөз құдіретін жақсы түсінетін, кеңес дәуіріндегі қазақ поэзиясында айшықты өз қолтаңбасы бар кемел ақын екендігіне академик-жазушы С.Мұқанов: «Сұңқар туралы аңыз», «Ақсақ құлан», «Мариям Жагорқызы» дастандары – Қалижанның ақындық өнерінің биік шыңдары және де қазақ-совет поэзиясының алтын қазынасына қосылатын асыл туындылар», - деп бағалаған болатын.
Кітапханамызда ақын, драматург, аудармашы Қалижан Бекқожиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Поэзия тербетеді жүрегімді» атты кітап көрмесі жасақталды.
Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің 8 сынып және №40 орта мектептің 9 сынып оқушылары, Қалижан Бекхожиннің көрмеге қойылған «Сері күйші», «Шардара», «Менің замандастарым», «Достық дауысы», «Бақытстан байтағым», «Аппақ намә», «Алтын асқар», «Батыр Науан» және 8 томдық өлең жинақтарымен танысты.