Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – жаңашыл ақын» атты кітап көрмесі жасақталды.
Ол қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР нің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Сәкен белсенді саяси-әлеуметік қызметімен жаңа қоғамның орнап, дамуына зор үлес қосты. Ол күрескер ақын. Ол идеология саласында да, өнер саласында да төңкеріс сарбазы болды.
Ақынның «Жас қазақ» марсельезасы, «Жолдастар» өлеңдерінің кезінде халықты тап күресіне жұмылдыруға саяси әнұран рөлін атқарғанын тарих жоққа шығара алмасы анық.
«Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық деректі романында өзі көріп, өзі куә болған оқиғаларды жазды. Ол төңкеріс идеясына кедергі болғандарды батыл әшкерелеп отырды. Осы мақсаты күрескерлік ғұмырының күретамыры, өзегі болды.
Кітап көрмесімен Абай атындағы №15 мектеп, Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп, Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқушылары танысты.