Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Семей полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай «Семей полигоны – шерлі шежіре» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.
Қазақ КСР-і Семей облысының аймағында 1949 жылдан беріде ядролық қаруды сынау тежеусіз жүзеге асты. Осы мерзімде бес жүзге жуық атомдық және ядролық қарулар сыналып, мыңдаған адамдардың денсаулығы мен өміріне шектеусіз зор залал келтірді. Оқырмандарға Семей полигонының зардабы, қасіреті мен жабылу тарихы туралы айтылды.