КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

18.04.25

 

«Ауыл мәдениеті – ел айнасы» тақырыбымен өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес Құрманғазы аудандық орталық кітапхана базасында «Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру тәсілдері және кітапханашылардың белсенділік сипаты» атты облыстық семинар-тренингі өтті.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты кітапханашылардың біліктігін жетілдіру, заманауи оқырмандардың талаптарына сай сапалы қызмет көрсету, ақпараттық  медианы дамыту болып табылады.

Спикерлер Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Мұқашева Алтын Сағымбайқызы «Кітапхананың сандық кеңістігіндегі ақпараттық қорлары. Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана базасы және интернет қорлары», Облыстық балалар кітапханасының Әдістемелік библиографиялық бөлім меңгерушісі Дилмаганбетова Жамал Махмутқызы «Баланы кітап оқуға қызықтыру», Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының Кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Ығылова Асель Құрманғазықызы «Жаңа технологиялар мен тайм-менеджмент туралы дұрыс түсініп жүрміз бе?» тақырыбындағы әдістемелік-ақпараттық кеңестерімен бөлісіп, «Білікті маман имиджін бүлдіретін 4 кемшілік туралы...» тренингін өткізді.

Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапхана басшылары мен әдіскерлер қатысты.

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер