КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Үшқоңыр.- 2017.-24 қараша (№47) .- 7 б.

Шежіре кітаптары оқырманға жол тартты

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани бағдарламасын ұсынып отыр.  Бұл мазмұны өте терең, ауқымы кең, қоғамдық сананы биікке көтеретін, ұлттық құндылықтар дамуының бағыт –бағдарын айқындап берген өте маңызды құжат. Елбасы ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді. Рухани жаңғыру – кезең-кезеңімен атқарылып жатқан елдегі реформалардың жалғасы іспетті.

Аталмыш мақалада  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек» деп атап  көрсеткен болатын.

 Кітапхана – мәңгілік парасаттың киелі мекені. Сондықтан, кітапханаға бас сұққан әр оқырманның, әсіресе әр жастың жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосу, сөйтіп Қазақстан Республикасының әрбір азаматын отаншылдық, елжандылық қасиеттерге баулу  кітапханашылардың тікелей борышы. Ғ.Сланов  атындағы Атырау облыстық  ғылыми  әмбебап кітапханада тарихшы – өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Атырау Мұнай және газ университетінің профессоры  Аманғали Әміржанұлының  аталмыш бағдарламалық мақаладағы міндеттер аясында «Жылыойнама» және  «Атыраунама» атты сериялары бойынша жарыққа шыққан  шежіре кітаптарының тұсаукесер шарасы ұйымдастырылды. Құнды тарихи деректерге толы көптеген зерттеу еңбектердің авторы Аманғали Әміржанұлының өз оқырмандарына жол тартқан жаңа кітаптар топтамасы да тарихи деректерді мол қамтуымен құнды. Оқырман қауымға жол тартқан жаңа кітаптарды атап айтар болсақ, Атырау өңірінің Жылыой өлкесінде әр заманның әртүрлі кезеңдерінде болған айтулы азаматтардың өнегелі өмір жолынан сыр шертетін тарихи –құжаттамалық деректер энциклопедиялық жүйемен берілген «Жылыойдың жарқын жандары» атты кітап және Атырау өңірінде 1896- 1917 ж.ж. жұмыс жасаған ұстаздардың өнегелі өмір жолы туралы  «Ұрпақтарға ұлағат ұқтырған ұстаздар», өлкеміздің 1917 жылға дейінгі шежіресіне  байланысты деректер негізінде жазылған «Атыраудың төңкерістен бұрынғы қазақы жұрты», «Атыраудағы  1917 ж. дейінгі  орыс мектептері» атты қос кітап, «Атыраудағы әскери-халықтық училищелер (1895 - 1915)», «Атырау шіркеулері», сонымен қатар, Атырау өңірінің Жылыой өлкесінде жергілікті басшылық қызметтерде болған ардақты азамат Есен Құдайбергенов туралы тарихи-мұрағаттық деректер негізінде дайындалған «Елінің құрметті азаматы» атты

Шараны жүргізіп отырған кітапхана басшысы Г.Х.Қалиева бүгінгі жеті кітаптың мазмұны туралы салиқалы пікірлерін әңгімесіне арқау ете отырып, қаржы жағынан демеуші болса көлемді бір кітап етіп шығару туралы ұсынысын білдірді.

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың «Қаз ҰЭК «Қазақстан кітапханасы» мемлекеттік электронды кітапханалық  қорын құру» атты жобасына орай кітап қорындағы Аманғали Әміржанұлының бұған дейінгі жарық көрген көптеген кітаптарының сандық көшірмесін жасауы кітапхана оқырмандарына жаңа технология арқылы өлкетанушы еңбектерінің  қыр –сырына үңілуге мол мүмкіндік жасап отырғандығын кітапхана басшысының орынбасары М.Л.Даулетқалиева атап өтті.             

 Шараға жылыойлық ардагер-ұстаз Сұлтангерей Елсейітов автордың  курстасы Күләш Тұрақова, қызылқоғалық ардагер-кітапханашы Қансұлу Шақпақова, танымал ұстаз Айман Дариева, сонымен бірге, кітапхананың тұрақты оқырмандары, автордың немерелері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында шежіре кітаптарының  авторы Аманғали Әміржанұлы осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан   Ғ.Сланов  атындағы  облыстық  ғылыми  әмбебап кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіре отырып, осы кітаптарды жарыққа шығару барысындағы  өзінің  ізденістері,  мақсаты туралы мәлімдеме жасап, әр басылымның мазмұнына тоқталып өтті.

Оқырмандар назарына Аманғали Әміржанұлының зерттеу еңбектерін қамтитын «Өлке тарихының майталманы» атты кітап көрмесі және слаид шеру ұсынылды.

                                                                     Гүлжан  Ескендір,

                                          Ғ.Сланов атындағы  Атырау облыстық 

                                         ғылыми әмбебап кітапхананың жоғары санатты әдіскері

.

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер