КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

6.05.25

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен ҚР Ішкі істер министрлігі Атырау облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі ұжымының бірлесуімен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шындық пен аңыз» атты кездесу өтті.

Кездесу кешіне Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, үздік өлкетанушы Төлеген Жанабайұлы мен қаламгердің жұбайы Роза Қарақызы мен немересі Мұса Айбосын, Атырау облысы мамандырылған күзет қызмет басқармасының бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Дулатов Арай Сериккалиевич қатысты.

Кездесуде Айбосын Елеусіновтың Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында жеңіс сағатын жақындату жолында айтарлықтай үлес қосқан Кеңес Одағының Батыры Мұса Баймұхановтың өмір жолы мен ерлігіне арналған «Батыр Мұса байрағы» атты кітабы талқыланып, естеліктер айтылды. Сұрапыл соғыс даласында Отаным, елім, халқым деп от кешкен өлкеміздің мақтанышы Мұса батырдың өмір мұрасы, оның өшпес ерлігі, адамгершілігі, ұлтжандылық қасиеттері ұрпақ жадында мәңгі ұмытылмайды.

https://www.facebook.com/reel/537361009246391 

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер