Бүгін кітапханада жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шыңға айналған Шыңғыс» атты тақырыптық конференция ұйымдастырылды.
Қоғамдық ойға қозғау салатын, адамзатты гуманизмге үндейтін, әлемдік көркем ойды тербеп, көзі тірісінде «Адамзаттың Айтматовы» атанған біртуар тұлға қазақ-қырғыз тел емген Талас өзенінің бойындағы Шекер атты алақандай ауылда дүниеге келген.
ХХ ғасырдағы философиялық романның көрнекті өкілі Шыңғыс Айтматов кеңес әдебиетіне стильдік-құрылымдық өзгерістер жасады. Есімі Булгаков, Фолкнер, Маркестермен қатар аталатын ол әлем әдебиетіне өз өлшемін, өз көзқарасын әкелді. Мұның бәрі суреткердің саналы ізденістерінің жемісі.
Конференцияға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Жұмағазиев Әділбек, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Тұрланқызы Айтуған, Төлемісов Саят, Төлеуғалиев Бектас, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері Нышан Бекет, Мұхтарқызы Индира және т.б қатынасып, Айтматов шығармаларына талдау жасап, жазушының психологиялық портреттің шебері екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар шарада арнайы жасақталған кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/747117916803137/