Спорт саласы Қазақстанда кең қолдауға ие. Елде спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Спорт күніне орай кітапханада «Спорт – ел намысы» атты кітаптар шеруі ұйымдастырылды. Оқырмандарға дене тәрбиесі мен спорт тарихы, дамуы, елімізде кең тараған спорт түрлері, атақты спортшылар мен жаттықтырушылар туралы мағлұматтар берілді.