КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

 

Бүгін руханият ордасында Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мәжитұлының «Суретші көзімен» кітабының таныстырылымы өтті.

Шараны ақын, «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы Әлия Бекежанқызы жүргізді.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана басшысы Сара Салахединқызы шараны ашып, кітап таныстырылымының маңызына тоқталды. Сондай-ақ кітапхана ұжымы атынан Темірбек Мәжитұлына шығармашылық табыс тілей отырып, Алғыс хат табыстады.

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Саф өнердің тілін, сол әлемнің хал-ахуалын баяндайтын жаңа кітаптың таныстырылымына Қазақстан Суретшілер Одағы Атырау  филиалының мүшелері, автордың ұстаздары мен замандастары, әріптестері мен сыныптастары, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттері мен оқырмандар қатысты.

Сонымен қатар Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» басшысы Роза Қабышқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы, Ақпарат саласының үздігі Төлеген Жаңабайұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нағымов Шахман Нағымұлы және автордың ұстазы Әбида Құсыманқызы арнайы қатысып, Темірбек Мәжитұлына құттықтау тілектерін білдірді.

Мәдени шарада Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының жас әртістері «Махаббат миниатюралары» атты театрландырылған қойылымды сахналаса, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрінің әншісі Ерімова Аружан әуелете ән шырқап шараның көркін кіргізді. Сондай-ақ автордың суреттерінен көрме жасақталып, бейнематериал көрсетілді.

Автордың «Суретші көзімен» атты жаңа туындысында бейнелеу өнері, мәдениет, руханият, қоғам, театр, сахна, сурет, көрме тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген еңбектері, публицистикалық мақалалары, ұсыныстары, тезистік ойлары, өлеңдері, сұхбаттары енген. Кітап дүниеге суретшінің көзімен қарай отырып, жаңаша инсайт алуға, құлшынысыңызды ашып, өмірді өнер тілі арқылы өзге қырынан пайымдауға шақырады.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/pfbid0mdL9NpRoqpmiBi2oDQbQdJAWtZ9Hf9wgKqaS9J15tkYsyHQebrEVG5PNy3BEqrkPl

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер