КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

9.09.25

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық қана емес, ол – мемлекет беделіне деген халықтың сеніміне селкеу түсіретін және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Жемқорлық жойылмай, ешбір ел табысты дами алмайды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық даму үдерісін баяулатады, сайып кел­генде, елдің даму болашағына үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті әлемнің барлық мемлекеттері бұл қоғамдық індетпен күресуде, осы мақсатта Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханада «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ақпараттық сағат өтті. Шараға Атырау облысы әділет департаменті қызметкерлері қатысты. Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беріліп, видеоролик көрсетілді.

Сонымен қатар арнайы кітап көрмесі таныстырылды.

Кітап көрмесіндегі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы әр жылдары толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Заңдары, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайлар туралы жазылған зерттеушілердің монографиялық еңбектері, мерзімді басылымдарда  жарияланған мақалалары оқырмандарға насихатталды.

https://www.instagram.com/p/DOYKq7WitRI/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер