13.01.25
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 13 ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
Көрменің мақсаты жас оқырмандарға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайы мен келтірер зияны жайлы түсінік қалыптастыру.
Көрмеге Атырау көлік және коммуникация колледжінің 1 курс студенттері мен Ә. Кекілбаев және С. Зиманов атындағы мектептер қатысты. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған әдебиеттерге және басылым беттеріндегі материалдарға шолу жасалды.