15.05.25
Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ұлт мәдениеті мен рухани мұраны негізге алу арқылы, қоғамда адалдық пен адамгершілік нығайтуға бағытталған «Әділ қоғам» жобасын іске асыру бойынша «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» атты кітап көрмесі мен ақпарат сағаты өткізілді.
Кітапханашы Айман Ізденқызы мен Ақмарал Рустембекқызы оқырмандарды кітапхана қорындағы жемқорлық жөнінде жазылған кітаптармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың түрлері және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.