25.02.2025
Бүгін ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Темірхан Медетбектің 80 жас мерейтойына орай ақын өлеңдерін насихаттау мақсатында «Тағдырлы жырлар жаршысы» атты жыр кеші өтті.
Темірхан Медетбек ең мықты ақындардың бірі. Оның өлеңдері қазақ әдебиетіндегі ұлттық болмысымызды айқындайды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранттары ақынның өмірі мен шығармашылығы, жазушының бұрынғы өлеңдеріне ұқсамайтын жаңа формада жазылған «Көк түріктер сарыны» бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің магистранттары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Осы шараға байланысты жасақталған кітап көрмесін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Нсанбекова Бике Карипқызы таныстырды.
Сонымен қатар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Кайрова Шинаргуль Сальдуовна және Исмуратова Жанар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/1777201666465393/