26.11.2024 ж.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана «Таза Қазақстан – табиғат үшін» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы айтты. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Оқырмандарға экология ғылымының негізгі мәселелері, экологиялық жүйелер, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат берілді.