09.10.25






Қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Осыған орай «BIRGEMIZ» жобасы аясында Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы «Тең қоғам» әлеуметтік жобасы мүшелерімен кездесті.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың күні – бұл құрмет пен қолдауды білдіруге, бәріміз әртүрлі, бірақ тең екенімізді түсінуге және есте сақтауға себеп. Бұл күннің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау және олардың мәселелеріне назар аудару.
Іс-шарада «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Гүлзира Даниярбекқызы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуда «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының қалай құрылғанын, мақсатын оларды медициналық-әлеуметтік қорғауға, құрмет пен қолдау көрсетуде қандай жұмыстар өтетіні туралы ақпарат берді.
Шектеулі мүмкіндігіне қарамай мемлекеттік грантты тігінші мамандығы бойынша ұтып алған Қайрекесова Зәуреш пен тең қоғам мүшелері ерекше жандарға қолын созып, көмек беріп жүрген жаны жайсаң жандарға өз жүрек жарды алғыстарын білдірді.
Қатысушыларға кітапхана қорындағы мотивациялық, психологиялық кітаптар таныстырылып, вокал үйірмесіне қатысатын жоба мүшелері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әншісі Сәрсенов Бақытбек әсем әнімен іс-шара қатысушыларына жақсы көңіл-күй сыйлады.


































