04.09.25
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
5 қырқүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мемлекеттік тілдің маңызын, қасиетін ұғындыру, өз тілін құрметтеуге, көзіміздің қарашығындай қорғап, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты лингвистикалық ойын ұйымдастырды. Шара Әбіш Кекілбаев атындағы №41 мектеп-гимназиясында өтті. Ойынға 8 сынып оқушылары қатысты. Лингвистикалық ойында қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылып, жұмбақтар шешуі үш тілде, қызықты ұйқастар, тіл туралы мақал - мәтелдер мен сөзжұмбақтар құрастырылды. Екі топқа бөлінген оқушылар ойынға белсене қатысты.