14.11.24
Егеменді Қазақстан үшін ұлттық валюта күнінің маңызы зор, өйткені, ұлттық валюта Конституциямен, Туы және Елтаңбасымен қатар кез келген мемлекеттің тәуелсіздігінің маңызды атрибуты болып қана қоймай, мемлекеттің тарихын, мәдениетін, тұрмысын және дәстүрін нақтылайтын «визиттік карточка».
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Төл теңгем - мақтанышым» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4 курс студенттері мен №38 лицей мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы теңгенің тарихы, төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі, теңгенің айналымға енуі туралы жан-жақты ақпарат берді.