КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді. Жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында кітапханамызда  Төлен Әбдіктің «Тұғыр мен ғұмыр» повесі бойынша әдеби шолу жасалып, «Талғам мен таным табиғаты» тақырыбында жазушының «Оралу» повесі бойынша әдеби аукцион, «Бір шығарманың сыры» атты тақырыпта жазушының «Әке» повесі бойынша шығармаға талқылау жасалып, «Оң қол» шығармасы бойынша студенттерімен оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен «Caspian news» телеарнасының бірлескен жобасы «Қазына» кітапқұмарлар байқауының 1 және 2 топ шығарылымының қатысушыларына жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» және «Тозақ оттары жымыңдайды» шығармалары бойынша сұрақтар қойылып, бақ сынасты.

Кітапханамызда жазушының шығармаларын насихаттау мақсатында «Парасат майданының жауынгері» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, бірнеше туындыларының электронды нұсқалары QR – кодқа енгізіліп, оқырмандарға ұсынылды.

            Бүгін жыл қорытындысы ретінде Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы желісімен түсірілген режиссер Жәнібек Кәкімжанның қысқаметражды «Оң қол» қысқаметражды фильмінің көрсетілімі ұсынылды. Экрандағы «Оң қол»-ды бейжай тамашалау мүмкін емес. Үрей мен үміт қос қанатыңа айналып, тылсым бір әлемге сапар шеккендей әсерге енесің.

            Жазушы Төлен Әбдіктің драмалық-психологиялық жанрда жазылған «Оң қол» әңгімесі оқырман қауымды қазақ әдебиетіндегі жаңашылдығымен селт еткізген шығарманың бірі. Қаламгердің туындылары жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларының біріне айналды.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/pfbid038G4fgqdKo1c6C1pAuZctwEtAhcgamWJ5KmsaxChHq2558nTgeCC6gQh3vkSoBewkl

БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер