«Тұғыр мен ғұмыр»
Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу, рухани мұрамызды сақтау, жастарға адамгершілік тәрбие беру бағытында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің «Тұғыр мен ғұмыр» повесі бойынша әдеби шолу жасалды.
«Тұғыр мен ғұмыр» - көлемді романға бергісіз жүк арқалаған хикаят.
Батыр-Борис Сталиндік зұлматтың, қандықасап соғыстың ащы зардабын тартып, «жоғалған ұрпаққа» айналған жазықсыз жандар тағдырының жиынтық образы. Елге танымал ғалым, биік лауазымды мемлекеттік қызметкер Шәйкеннің отбасында дүниеге келіп, қайғысыз-қамсыз өсіп келе жатқан Батыр ұланның отбасы ойрандалғаннан кейінгі теңіз толқыны айдаған ескексіз қайықтай қалтылдаған баянсыз ғұмыры хикаятқа желі болып тартылады.
Шығармамен жақын танысқан кітапхана оқырмандары автордың суреткерлік шеберлігіне тәнті болды.