Биыл Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі автордың шығармаларын оқу таңдалды.
Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өткелі отырған Жұмекен Нәжімеденов шығармалары мен проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұлов шығармаларын оқу ұсынылып отыр. Қазақтың рухани әлемін байытқан жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер кітап көрмесінен орын алды.
Ал «Бір өлке – бір жазушы» акциясы аясында халқымыздың аса көрнекті қаламгері өзі де, өлеңі де ақша бұлттай таза, адалдықты ардақтап өткен Әбу Сәрсенбаевтың прозалық шығармалары мен өлеңдері, азаматтық, ақындық келбеті жайында сыр шертетін әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.
Сонымен қатар 2025 жылы Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Еңбектен тапқан бақытын» және Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төлбасыларының бірі Қазтуған Сүйінішұлының туғанына 650 жыл, қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлының туғанына 560 жыл, Доспамбет жыраудың туғанына 535 жыл толуына орай «Дәуір даналары» кітап көрмелері таныстырылды.
Тұрақты кітап көрмелерінің ашылуына С.Зиманов атындағы №37 жалпы білім беретін мектебі, З.Қабдолов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатынасты.
Шараға қатысқан оқырман саны – 60.
https://www.facebook.com/100011441407475/videos/1249433166139295/