21.11.2024
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлының туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері» тақырыбымен көрме жасақталды.
Республика үкіметінің бірінші басшысы ретінде Нұртас Оңдасынов өзі еңбек еткен ширек ғасыр ішінде қауырт мәселелерді шешіп, республика тағдыры үшін ерекше маңызды шараларды жүзеге асырған басшы.
Ол соғыс жылдарында Қазақстанның экономикалық қуатын отан қорғау мүддесіне ұйымдастыруда үлкен қызмет етті. Атқарылатын істердің басы-қасында жүріп, күш-қайратын, дарынын сарқа жұмсаған адамның азаматтық тұлғасын танып білу қазіргі ұрпақ үшін парыз. Осы мақсатта кітапхана оқырмандары көрмеге қойылған автордың арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктерімен қатар, ол туралы жазылған әдебиеттермен жақын танысты.