КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Кітапханада Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Ұлт жанашыры» атты тақырыптық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға Әл Фараби атындағы Бином мектеп-гимназиясы, С.Зиманов атындағы №37 орта мектеп және Ә.Кекілбаев атындағы №41 жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушылары және  М.Мағауиннің шығармаларын оқыған тұрақты оқырмандар қатысты.

Мұхтар Мағауин әдебиетіміздің ғана емес, ұлттық келбетіміз бен болмысымыздың феномені.  Ол көркем проза мен әдебиет саласын қатар алып жүрген жазушы. Автор әр шығармасындағы өмір шындығын өзі алғаш қалам тербеген қазақ хандығы құрылған дәуірдегі жыраулар поэзиясының тереңінен алған.

            Конференцияда автордың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы (С.Зиманов атындағы №37 мектептің тәлімгері Қайыржанова Альбина Кадиржанқызы), повестері мен әңгімелері туралы (Әл Фараби атындағы Бином мектеп-гимназиясының мұғалімі Жұмабаева Ақсұңқар Ғазизқызы), романдары жайлы (Ә.Кекілбаев атындағы №41 мектептің мұғалімі Динара Сарсенбайқызы) және оқырмандар «Аласапыран» және «Шақан шері» шығармаларын талдады.

Конференция соңында қатысушылар жазушының шығармалары туралы ой пікірін ортаға салып, кітап көрмесімен танысты.

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/3821287498133554  

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер