КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Археолог, этнограф, тарихшы, Қазақ КСР ҒА академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлттық археологияның сардары» атты тарихи танымдық сағат өтті. Шараға кітапхана оқырмандары қатысып, Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылығы ғылыми еңбектері туралы ақпарат берілді.

Әлкей Марғұлан – Қазақстандағы археология мектебін құрушы. Ол тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмыстарын, 100-ден аса энциклопедиялық мақалалар жазған, сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады.

Тарихи танымдық сағатта кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, еңбектері, ол туралы әдебиеттер мен естеліктерді, халықаралық және республикалық марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары оқырмандар назарына ұсынылды.

 

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/pfbid02z5QSPjS1LSouT1QeSyf7dPq1utnoE9yPfKXnMT3cs4Xhc4kCoB4HmCLPkTTcVRSPl

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер