КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

06.05.25

 

6 мамыр күні арнаулы бөлімде қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлы дала абызы» атты тарихи танымдық кеш өтті. 

Кеште жиналған зағип оқырмандарға арнаулы бөлім меңгерушісі Б.Қаражанова Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректі және ақынның өлмейтін өлеңі, қаншама халықтың жүрегіне жол тауып, жанына жылылық, бойына күш-қуат құйған «Ленинградтық өренім» жырының шығу тарихын дауыстап оқып жеткізді.

Арнаулы бөлім оқырмандары Рустам мен Рафаэль Шамбузовтар, Жасұлан Турашов ақынның «Ленинградтық өренім» шығармасын, арнаулы бөлім тифлопедагогы Г.Тастанбекова ақынның «Атым Жамбыл», оқырман Самиғолла Жұматов «Қазақстан тойына» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.

          Жамбыл Жабаев өз артында ерекше бағалы шығармашылық мұра қалдырды. Оның шығармашылығы ұлттық қана емес, әлемдік әдебиеттің жетістігі болып саналады.

https://www.facebook.com/reel/1353961482537095

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер