Қазақтың біртуар ұлы, данышпан ақын, ойшыл, ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының қатысушыларымен бірлесе ұйымдастырылған «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты поэтикалық сағат өтті.
Іс-шара барысында ақынның өнегелі өмірі, даналығы туралы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі таныстырылып, рухани асыл мұралары насихатталды. Көрерменге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар қойылып, «Тең қоғам» әлеуметтік жобасының қатысушылары Абайдың әндері мен өлеңдерін, қара сөздерін нақышына келтіре оқыды.