





Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 25 қазан – Республика күніне орай «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Жастарға Республика күні мен заңның қоғамдағы орнын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Ідірісов Айбол Қайратұлы мен Атырау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция полковнигі Кушкалиева Орынгүл Жанғалиқызы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Бизнес және құқық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдағы құқықбұзушылық, жастар арасындағы тәртіп мәселесі, оның алдын алу жолдары, алаяқтық, буллинг, жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы ақпараттар беріліп, кітап көрмесі таныстырылды.


































