КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

24-24 қыркүйек

Кітапханада Атырау облысы әкімдігі, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Жаңа технологиялар – кітапхана ісіндегі жаңа мүмкіндіктер» атты республикалық кітапханашылардың іскерлік кездесуі басталды.

Кездесудің мақсаты:

  • Ортақ іс-қимылдарды үйлестіру және кітапханашылардың белсенділігін арттыру арқылы еліміздің кітапхана саласының дамуына үлес қосу;
  • Кітапханалардағы қызмет көрсету процестерін цифрландыру және инновациялық тәсілдерді жетілдіру;
  • Мамандар арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін платформа құру;
  • Мамандықтың беделін арттыру және оң имиджін қалыптастыру.

Кездесуге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты көпшілік кітапханалардың кітапханашылары қатысты.

Сонымен қатар баяндамалар жасалып, «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай семинар-тренинг пен кітапханашылар арасында «BOOK QUIZ» интеллектуалдар сайысы өтті.

Іскерлік кездесуге қатысушыларға Облыстық балалар кітапханасы, Қалалық орталық кітапхана, Атырау облыстық өлкетану мұражайы мен Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі,  “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына экскурсия жасалды.

https://www.instagram.com/p/DO-050PCqX4/

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер