
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Заңды білу парыз, орындау міндет» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Іс-шараға Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері қатысты.
Заңды білу және оны сақтау – әр азаматтың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ парызы. Заң үстемдігі бар жерде әділет орнап, қоғамда сенім артады. Қай елде болмасын, халықтың бейбіт өмірі мен әлеуметтік тұрақтылығы құқықтық тәртіппен тікелей байланысты.
Шарада арнайы кітап көрмесі таныстырылып, студенттерге викториналық сұрақтар қойылды.


































