КҮНТІЗБЕ 2024
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

Бүгін руханият ордасында Құрмет орденінің иегері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Атырау қаласының құрметті азаматы, білім беру саласының ардагері Оңғарсынов Қадим Оңғарсынұлына арналған «Жадымда тұр жаңғырып...» атты естеліктер кітабының тұсаукесері өтті.

Қадим Оңғарсынұлы – бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге, оларға сапалы білім беруге арнаған жан.

Кітаптың тұсаукесер лентасын Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы, облыстық ғылым және педагог қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы мен ардагер ұстаз Салимов Жомарт Құрметұлы кесті.

«Жадымда тұр жаңғырып...» атты естеліктер кітабында білім беру саласының ардагері Қадим Оңғарсынұлының өмірі мен еңбек жолы туралы естеліктер баяндалған. Оқырмандарға жол тартқан жаңа кітаптың бірнеше данасын Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Измұханбетова Сара Салахединқызына сыйға тартты.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткері Ризуанов Қатимолла,  қызметтесі, еңбек ардагері Хамза Ғабдолла, Атырау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтешов Мұрат Сақтайұлы, облыстық ғылым және педагог қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы,  ардагер ұстаз Салимов Жомарт Құрметұлы және өзге де замандастары мен ұрпақтары қатысып, жаңа кітап туралы ойларын ортаға салып, естеліктерімен бөлісті.

 

https://www.facebook.com/atyraulib.kz/posts/pfbid0Mrz5nT6o22N1o8P8BRuZCZchofzxFbwJwqE2x8RRMHM4vZoqwuwdawsSiRSF9qSbl 

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер