Қазақ көркем сөзі қашанда аузымен құс тістеген небір таланттарға кенде болмаған. Олар өздерінің көңіл түкпіріндегі сұлу, көркем ойлары арқылы оқырман қауымды рухани сусындатып, әдебиет атты киелі өнерге адал қызмет еткен, сондай қаламгердің бірі – көрнекті ақын Мақсұт Неталиев.
Мақсұт Неталиев күмбірлі жырларының біресе буынын сындырып, біресе екпінді өзгертіп, кейде өлең соңын өзгеше шалт, шорт кесіп аяқтайды. Қазақтықтың қос шегі – жыр мен күйдің, сөз бен саздың үйлесімдігі, әсіресе, кең тынысты поэма-дастандарда ерекше айшықталады.
Кітапханамызда ақын, жазушы Мақсұт Неталиевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Жаратылысы-жауынгер, жаны-жомарт» атты кітап көрмесі жасақталды.
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 1 курс студенттері және №37 орта мектептің 8 сынып оқушылары Мақсұт Неталиевтың көрмеге қойылған «Ақ шуақ», «Гүл шоғы», «Ақ Ерке-жайық», «Ұлыма сыр», «Үлкен жолдың үстінде» атты өлең жинақтарымен танысты.