6 сәуір – Геологтар күніне орай «Жер қойнауының барлаушысы» атты кездесу кеші өтті.
Геологтар күні – қазақстандық геологтар үшін маңызды күн, өйткені бұл олардың жетістіктері мен жоспарларын еске түсіру, сондай-ақ ғылыми әзірлемелері мен тәжірибелерін әріптестерімен және қоғаммен бөлісу мүмкіндігі. Бұл күн – сондай-ақ геологтар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға, оған қоса геология саласының мәселелеріне назар аударуға арналған.
Шара қонақтары «Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының директоры, ҚР-ның жер қойнауын барлаудың «Үздігі» және «Құрметті барлаушысы», ҚР-ның мұнай-газ саласының «Еңбек сіңірген қызметкері», Жылыой ауданының «Құрметті азаматы» Шәненов Келтір Мағұрыпұлы және Қазақстан Республикасының кен орнындарын алғаш ашушы, ҚР жер қойнауының «Құрметті барлаушысы» Маджанов Қуаныш Қабдолұлы. Сонымен қатар, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің мұнай және газ факультетінің ұстаздары мен студенттері және Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.
Шара қонақтары геология ғылымы туралы қызықты мағлұматтармен бөлісіп, келелі сұхбат құрып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
https://www.facebook.com/atyraulib.kz/videos/3821196238113805/