КҮНТІЗБЕ 2025
ON-LINE ҰЗАРТУ
ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА
СЕМИНАРЛАР ЖӘНЕ КЕҢЕСТЕР
БАҚ біз туралы
Мәртебелі қонақтар қолтаңбасы
Афишалар архивы
ҚазҰЭК

22.04.25

 

«Жұмекен – жыры мәңгілік мұра» тақырыбымен «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау мақсатында жалпы білім беретін Салық Зиманов атындағы №37-ші орта мектеп оқушыларының қатысуымен поэзия сағаты өтті.

Шарада Атырау өңірінің ардақты да, асыл перзентінің бірі Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты ақын Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі таныстырылды.

Сондай-ақ, оқушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, 7-8 сынып оқушыларынан құрылған домбырашылар тобы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйлерін нақышына келтіре орындап кештің мәнді өтуіне үлестерін қосты.

https://www.facebook.com/reel/583234274148867

 
 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД

БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

МАХАМБЕТ-220

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
QR kod енгізілген кітаптар
Кітапханаға кітап сыйла!
"Біздің өлке"- электронды кітапхана
Жолдаулар

ҚР рәміздері
Жаңа кітаптар
 
 
Пайдалы ciлтемелер