Тәуелсіздік – ол менің бостандығым,
Қанша ғасыр бабалар тосқан күнім.
Аманат боп бүгінде бізге жеткен,
Егемендік, азаттық қастерлі ұғым.
Азаттықтың арайлы ақ таңымен
Өркендеп, өсіп, өндің, кемелдендің
Салтымды, дәстүрімді, тіл мен дінді
Қайтарам деп тағы да тереңдедің.
Ұлан-ғайыр шекараңды шегелеп,
Тоналған тарихыңды түгендедің.
Айбынын асқақтатып Алашымның
Елтаңба, ту, әнұранын таныстырдың,
Көз тіккен күллі әлемге жария қып,
Ұлттық төл теңгемізді табыстадың.
Қарулы күшімізді қайта құрып,
Елімнің әділ Ата заңын жаздың.
Тарыдай тарап кеткен қандастарды
Ұлы көшпен атажұртқа қабылдадың.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Қиындықта қазақ талай сенделді.
Қалай ғана ұмытуға болады?!
Елі үшін жанын берген ерлерді.
Найза ұшы, ақыл ойдың күшімен
Елім міне егеменді ел болды!
Мөлдір Нурбекқызы Серікқалиева
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы
кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері