8.09.2020 ж.
«Бір өлке – бір жазушы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Бір өлке – бір жазушы» жылдық оқу акциясы аясында жазушы- драматург Рақымжан Отарбаев шығармаларын насихаттау мақсатында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Иманғалиева Ақнұр жазушының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталғаннан соң, кітап көрмесіне қойылған жазушының еңбектерін оқырмандарға таныстырды.
Көрмеге «Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы» сериясымен шыққан «Жайық жыры»(2003) , «Жұлдыздар құлаған жер»(2000), «Соғыстың соңғы бомбасы»(2004), «Біздің ауылдың амазонкалары» (2012), «Аспандағы ақ көбелектер» (2009), пьесалар жинағы «Айна ғұмыр» (2013), «Дауысыңды естідім»(2008), «Шер» (2006), «Қараша қаздар қайтқанда» (2006), «Шыңғысханның көз жасы» , аяқталмаған роман «Қызданайдың қырғыны» (2019) және автордың шығармашылығы туралы: М.Құлкенов «Жібек жел», М.Шаханов «Дара талғам қасіреті», Ұ.Дәлей «Күз жауған соқпақ», Г.Ниетқалиева «Дара», «Жалғыз атты жолаушы», А.Қабылқақ «Рахымжанның көз жасы» т.б. оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев шығармаларын жан-жақты зерделеу және жастар арасында кеңінен насихаттау, кітап оқуға тарту, кітап оқу мәдениетін дамыту.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2763000050608168/