20.10.22
«Айбынды, абыройлы, асқақ елім»
Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалог ұйымдастырылды.
Еліміз үшін 25 қазан күні – аса маңызды күннің бірі. Себебі, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл 70 жыл бойы арман болған тәуелсіздікке қарай жасалған алғашқы қадам болатын.
Кітапханашы оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында, мерекенің қаншалықты маңызды екендігін, Республика күнінің Ұлттық мереке болғанына жастардың көзқарасы қандай екендігін талқылау арқылы әдебиеттерге шолу жасады. Тәуелсіздігіміздің тұғырының берік болуының символы Республика күніне арналған тарихи кітаптар мен оқиғалар желісін баяндайтын басылымдар кітапхананың оқырмандары мен мектеп оқушыларына таныстырылды.
Көрмеге Республика Казахстан информационный паспорт. Алматы, 1998, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік нышандары Алматы, 2015, Котов А.Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. Алматы, 1996, Қазақстан Республикасы: саяси жаңғыру, Алматы, 2008, Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен. Алматы, 2011, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы Декларациясы, Алматы, 2012, Мәсімханұлы Д. Азаттығым мен қазақтығым, Астана 2014, т.б. әдебиеттер қойылды.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан туралы егемендігіміз бен тарихымыздан сыр шертетін әдебиеттерді ұрпаққа насихаттау.