16.06.2022 ж.
«Ақ желеңді абзал жандар»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 19 маусым – Медицина қызметкерлері күніне орай «Ақ желеңді абзал жандар» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына денсаулық сақтау саласындағы ғалымдар мен мамандар туралы айтылған Н.Қабыловтың «Алақандағы алау» («Өлке», 2002), Ж.Ыбырайдың «Мұхтар Әлиев» («Қазақстан», 2003), А.Әлжановтың «Алғашқы қарлығаштар» («Арыс», 2007), Н.Қосшиевтің «Антқа адалдық» («Өлке», 2007), «Ардағымыз Әлия» («Өлке», 2010), сондай-ақ адам баласының өз денсаулығын нығайтуға және өзін-өзі емдеу әрекеттері туралы қамтылған Е.Оразақовтың «Денсаулық туралы кеңес» («Ғылым», 1981), С.Бақтығалиевтің «Қан – өмір өзегі» («Қазақстан», 1988), Т.Төлендиевтің «Ой еңбегі – зор еңбек» («Қазақстан», 1988), А.Алдашевтің «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» («Қазақстан», 1992), Х.Досмұхамедұлының «Денсаулығыңды сақтай біл» («Балауса», 1993), Ә.Өмешұлының «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» («Білім», 1999), У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолында» («Қайнар», 2013) және Атырау облысының медицинасының даму тарихы туралы айтылған Ғ.Шәңгереевтің «Атырау медицинасының шежіресі» («Арыс», 2010) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.