26.08.2021 ж.
«Ата Заң – елдігімнің еңсесі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 30- тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Атырау облысы бойынша Әділет Департаментінің Атырау облысы Әділет департаментінің мамандары А.А.Анжанова, Г.М.Касымова, Г.Ж.Жауғаштиева және Атырау облысы бойынша Қылмыстық Атқару Жүйесі департаментінің мамандары М.М.Бекбергенова, Д.Е.Жораев, А.А.Мұқашев және басқалары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Кітапхана қызметкері оқырмандарға қазақ халқының тарихындағы заңдар туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы мағлұматтар берді.
Кітап көрмесімен таныстыру барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қ.Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», Ж.О.Артықбаевтың «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші», «Қазақтың ата заңдары», С.Сартаевтың «Ар мен дар алдындағы сөз», Ө.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», «Ғылымдағы ғасыр абызы» (Академик Салық Зиманов), Ө.Ақыпбекұлының «Қара қылды қақ жарған», Қ.Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ», Г.Сапаргалиевтың «Конституционное Право Республики Казахстан», «Конституционные законы Республики Казахстан», А.К.Абельдиновтың және О.К.Копабаевтың «Конституционное право зарубежных стран» және тағы басқа әдебиеттер туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Ата Заңның маңыздылығы мен тарихы туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеу.