15.02.2022 ж.
«Ауған ардагерлеріне тағзым»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауған ардагерлеріне тағзым»атты тақырыппен сұхбат кеші ұйымдастырылды. Шараға филология ғылымдарының кандидаты, «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі (1979-1989)» кітабының авторы Айгүл Әміржанқызы Ермекова және С.Зиманов атындағы №37 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кітапханашы Ғалия Сәлімжанқызы Байешева кеш қонағы Айгүл Әміржанқызына Ауған соғысы жайлы жазуға не түрткі болды деген сауалымен қоса оқушылардың сұхбат барысында туындаған бірнеше сұрағына кітапта жазылған ерліктерімен, отансүйгіштіктерімен антына адал болған өрімдей жастар туралы тебірене жауап берді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын өтеген кеңес әскерлері үшін үлкен сынақ болды. Соның ішінде Қазақстаннан аттанған жауынгерлер ерліктің үлгісін көрсетті. Соның бірі және бірегейі, Ауған соғысында аты аңызға айналған полковник, ауған дала командирі Ахмад шах Масудтың өзі қара басына миллион доллар тіккен «Екінші мұсылман батальонының командирі Борис (Бағытжан) Төкенұлы Керімбаевтың әскери өміріне арналған деректі фильм түсіріліп, көрермендерге жол тартатынын қуана жеткізді. (https://youtu.be/P7ZTTHtNhxg)
Кітапхана қызметкерлері де осындай интернационалдық достық пен антына адалдықты дәріптейтін деректі кітап жазып, оны оқырмандарға ұсынып отырған Айгүл Әміржанқызына ризашылықтарын білдірді.
Мақсаты: Отансүйгіштік пен антына адалдықтың символы болған Ауған соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер ерлігін оқырмандарға насихаттау.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3170952949812874&id=1699390660302451